
Қарағанды полиция қызметкерлері ақпараттық технологиялар саласында қылмыс жасады деген күдікпен Ақмола облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. Қараша айында Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне сол адамның алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болған жәбірленушілерден арыздар келіп түсті. Алаяқ сайттардың бірі арқылы өзін үйдің қожайыны ретінде көрсетіп, жалға пәтер ұсынып, аванстық төлемді талап еткен. Сонымен, бір жағдайда 33 жастағы Қарағанды тұрғыны оған 18 мың теңге шамасында ақша аударған, екіншісінде - 19 жастағы қарағандылық әйел алаяққа 53 мың теңге жіберген. Екі факт бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті - 21 жастағы Ақмола облысының тұрғынын ұстады. Алаяққа қатысты қамауға алу түрінде алдын-алу шарасы таңдалды. Полиция оның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.