
Қарағанды қаласының тұрғыны бір күнде төрт автокөлікті ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz. 17 желтоқсанда қаланың үш тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне хабарласып, көліктерінің ұрланғандығы туралы шағымданды. Белгісіз біреу көпқабатты үйдің ауласында тұрған ВАЗ-2106 автокөлігін ұрлап кеткен, келтірілген шығын мөлшері 400 мың теңгені құрады. Сәл кейінірек 35 жастағы жәбірленушіден құны 700 мың теңге тұратын Mercedes көлігін ұрлап кеткен. Бір сағат өткен соң, 32 жастағы ер адам ауладан 3,5 миллион теңге тұратын Volkswagen Passat көлігін жоғалтқан. Күдікті үш көлікті де Қарағанды қаласының әртүрлі аудандарында тастап кеткен. Төртінші рет оның назарын базарлардың бірінің жанында тұрған құны 1,5 миллион теңгені құрайтын Lexus көлігі аударды. 32 жастағы автокөлік иесі көп ұзамай көлігінің жоғалып кеткенін анықтап, дереу полицияға жүгінген. Патрульдік полиция полкінің экипажы қала орталығында іздеуде жүрген көлікті байқап, 22 жастағы жас жігіт басқарған ұрланған көлікті ұстады. Ол көлік ұрлау фактілерінің төртеуін де мойындады, дейді полиция. ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемденіп алу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.