
Жасөспірім Қарағандыда бірнеше ұрлық жасады деп күдіктелуде, деп хабарлайды Polisia.kz. 11 қарашада 34 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қалалық ПБ Киров полиция бөліміне жүгінді. Ол белгісіз біреу құлыпты бұзып, өзіне тиесілі дүңгіршекке кіргенін айтты. Ол жерде болған барлық құнды заттарды: ұялы телефонды, кофеқайнатқышты, кофе тартқышты, екі қорап қант пен тұздықтарды, екі жүз стаканды ұрлап кеткен. Шығын шамамен 200 мың теңгені құрады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 8 желтоқсанда криминалдық полиция қызметкерлері күдікті, 17 жастағы жас жігітті ұстады, ол өзін мойындады. Оның төрт бірдей қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.