Қарағандыда зейнеткерді алдап ұялы телефонын алып кеткен ер адам ұсталды

Қарағандыда зейнеткерді алдап  ұялы телефонын алып кеткен ер адам ұсталды

6 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ Теміржол полиция  бөліміне 78-жастағы зейнеткер хабарласып, бейтаныс адам ұялы телефонын алып кеткені туралы шағымданды. Жәбірленуші  үйдің ауласында болғанда, белгісіз біреу шұғыл қоңырау шалуға телефон сұрап алып, тез жүгіріп үйлердің арасына кіріп жоғалып кеткен. Шығын мөлшері 35 мың теңгені құрайтын бұл  факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.7 желтоқсанда полиция қызметкерлері күдікті - 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылып берілді. Күдіктінің осыған ұқсас төрт қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.