Жезқазғанда екі қыз дүкеннен екі бөтелке вискиді ұрлап кетті

Жезқазғанда екі қыз дүкеннен екі бөтелке вискиді ұрлап кетті

 Жезқазғандағы дүкеннен екі бөтелке вискиді ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz. 27 қарашада Қарағанды ​​облысы, Жезқазған қаласының полиция басқармасына хабарлама келді: дүкендердің бірінде ұрлық болды. Полиция анықтағандай, белгісіз адамдар  жалпы құны 17 мың теңгені құрайтын екі бөтелке вискиді ұрлап кеткен. «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады. Олар 22 және 27 жастағы екі дос болып шықты. Олар мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы «Ұсақ ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.