
Қарағанды қаласының мас тұрғындары қоқыс контейнерін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz. 26 қарашада Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің наряды қала ішінде қызмет ету кезінде, металл қоқыс контейнерін сүйретіп бара жатқан екі азаматты байқады. Бұл әрекет күдікті болып көрінді, ал патрульдік полиция қызметкерлері ер адамдарды ұстады - бірі 35 жаста, екіншісі 42 жаста. Медициналық сараптама азаматтардың алкогольдік мас күйінде болғанын анықтады. Мас болған ұрылар темір контейнерді металл өткізу үшін ұрлап кеткен болып шықты. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.