Теміртауда мас жүргізуші ағашқа соғылды

Теміртауда мас жүргізуші ағашқа соғылды

Теміртауда мас жүргізуші ағашқа соғылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 22 қараша күні Теміртауда сағат 4.00 шамасында Республика даңғылы бойымен келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ағашты қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікте болған 30 жастағы әйел түрлі дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Медициналық сараптама жол-көлік оқиғасын жасаған адамның алкогольдік мас күйінде болғанын анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 бабы «Жол ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.