Теміртау қаласының тұрғыны бірнеше күн бойы бір супермаркеттен бес рет азық-түлік ұрлағаны белгілі болды.

Теміртау қаласының тұрғыны бірнеше күн бойы бір супермаркеттен бес рет азық-түлік ұрлағаны белгілі болды.
19 қарашада Қарағанды облысының Теміртау қаласы ПБ-ның Ескіқалалық полиция бөліміне супермаркеттердің бірінен бірнеше рет ұрлық болғандығы туралы арыз түсті. Полиция қызметкерлері күдіктінің азық-түлікті байқатпай алып кетудегі әрекетіне басты назар аударып, іздестіру жұмыстарына кірісті. Күдікті сөредегі азықты көлеміне қарай таңдап, әр келген кезде 3-5 мың аралығында бағаланған азықты жымқыруды әдетке айналдырған. Супермаркетте орналастырылған бейнебақылау камералары арқылы полиция қызметкерлері сөредегі заттарды аса сақтықпен алып жүрген күдіктіге назар аударды. Жылдам әрі епті қимылдаған ұры супермаркет қызметкерлеріне байқатпай бірнеше рет ұрлық істеген.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 55 жастағы ер адамды ұстап, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 187-бабы «Ұсақ ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.