
Қарағандылық әйел сауда үйінен өзіне сатылымдағы киімдерді киіп алып, ұрлық жасады, -деп хабарлайды Polisia.kz. 18 қарашада Қарағанды қаласы ПБ Орталық полиция бөліміне ақпарат келіп түсіп, белгісіз біреу сауда үйлерінің бірінде 27 мың теңгенің тауарларын ұрлап кеткені белгілі болды. Оқиға болған жерге тергеу-жедел тобы жетіп, ұрлық әйелдер киімін сататын бутикте болғандығы анықталды. Ұры төрт свитер, екі жемпірді алып сауда үйінен шығып кеткен. Полиция бейнебақылау камераларын қарау кезінде , бір әйелдің қимыл-қозғалысына назар аударып, жіті бақылады.Көп ұзамай полиция күдікті - 38 жастағы әйелді ұстап, қылмыскер бірнеше ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.