Саран қаласында мас көлік жүргізуші жол апатын жасаған

Саран қаласында мас көлік жүргізуші жол апатын жасаған

Саранда екі ай бұрын лицензиясынан айырылған мас жүргізуші жол апатына кінәлі болды, деп хабарлайды Polisia.kz. 16 қарашада полиция бөліміне хабарлама түсіп, қала көшелерінің бірінде апат болғаны айтылды. Оқиға орнына жеткен  патрульдік полиция жасағы  Nissan автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалысқа шығып кетіп, 46 жастағы ер адам басқарған Volkswagen Vento автокөлігімен соқтығысқанын анықтады. Медициналық сараптама нәтижесі жол-көлік оқиғасын жасаған адамның алкогольдік мас күйінде болғанын көрсетті. Оның үстіне екі ай бұрын ғана ол жүргізуші куәлігінен айырылған. ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралын мас күйінде басқару құқығынан айырылған адамның жүргізуі» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.