Ер адам Балқаш қаласының тұрғынын алдап, ұялы телефонын ұрлап кеткен

Ер адам Балқаш қаласының тұрғынын алдап, ұялы телефонын ұрлап кеткен

Балқаш полициясы алаяқтық пен ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 13 қарашада Балқаш қаласының полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреу жедел жәрдем шақыру үшін одан ұялы телефон сұрап алып бірден жоғалып кеткені туралы айтты. Шығынның жалпы сомасы 80 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы ер адамды ұстады. Оның тағы бір қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. 6 қарашада күдікті ұялы телефонды ұрлап - оны қала тұрғынының қалтасынан алып кеткен. ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.