
Теміртауда ұрланған картаны тауар сатып алу үшін пайдаланған әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 10 қарашада Теміртау қ ПБ Ескі қалалық полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол белгісіз біреу оның банктік картасын ұрлап кеткен деп түсіндірді. Жәбірленуші ұрлық туралы бір күн ішінде төрт дүкеннен жалпы 33 000 теңгеге сатып алу туралы SMS хабарламалар түскен кезде білді. Белгілі болғандай, саудалық операцияларды басқа біреудің картасын пайдаланып, 30-35 жас аралығындағы белгілі бір азамат жүргізген. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 14 қарашада жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті - 36 жастағы әйелді анықтады.