
Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері, екі ұрлыққа қатысы бар жас жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 11 қарашада 26 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Михайловский полиция бөліміне жүгінді. Ол белгісіз біреу құлыпты бұзып, үйдің ауласында тұрған көлігінің салонына кіргенін айтты. Қылмыс жасаушы автокөлік магнитофонын, үш мың теңге тұратын құжаттарды және әмиянды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 38 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция 21 жастағы жас жігітті ұстады. Айғақты заттар алынды. Сонымен қатар, полиция ұсталған адамның басқа қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. 12 қазанда көп қабатты үйлердің бірінің ауласынан Mazda-626 автокөлігін ұрлап кеткен. 39 жастағы ер адам жәбірленуші келтірілген шығынның мөлшерін 800 мың теңгеге бағалады. ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.