Жезқазғанда екі адам рельстерді ұрламақ болған

Жезқазғанда екі адам рельстерді ұрламақ болған

Жезқазғанда полиция теміржол рельстерін бөлшектемек болған екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 8 қарашада  Жезқазған қаласының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қала аудандарының бірінде кешкі сағат 19: 20-да  пойыз рельстерінде әуре-сарсаң болып тұрған екі ер адамды байқады. Сонымен қатар, бұл азаматтар патрульдік полиция қызметкерлерін байқап, қашып кетуге тырысты, бірақ дереу ұсталып, ПБ-на жеткізілді. Ер адамдар (біреуі 39 жаста, екіншісі 33 жаста) теміржол рельстерін бөлшектемек болған екен.  Олар металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсыруды көздеген. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188 бабы «Бөтеннің мүлкін ұрлауға әрекет жасау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.