
Қарағандыда полицейлер жалған нөмірлі көлікті ұстады, оның нақты иесі Ресей тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz. 5 қарашада Қарағанды қаласы ПБ Патрульдік полиция полкі ВАЗ-21112 маркалы автокөлігін қала көшелерінің бірінде жылдамдықтың айқын асып кетуімен тоқтатты. Тәртіп бұзушы 19 жастағы жас жігіт болған. Құжаттарды тексеру кезінде бұл көлік құралы Ресей Федерациясының Пермь өлкесінің тұрғынына тиесілі болып шықты. Сондай-ақ, көлікті тексеру кезінде патрульшілер жүк салонында дәнекерлеу іздерін байқады. ҚР ҚК-нің 386-бабы «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, саналы түрде жалған сәйкестендіру нөмірімен көлік құралын сату» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.