
ЖШС қоймасынан зергерлік бұйымдардың ұрлығын полиция қызметкерлері Қарағандыда анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 4 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне хабарлама келіп түсіп, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің қоймасынан белгісіз біреу құны 300 мың теңгеден асатын зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті, кінәсін мойындаған 27 жастағы ер адамды ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.