
Қарағанды облысында ірі қара малын ұрлаған ұры ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 27 қазанда Қарағанды облысының Шет ауданының полиция бөліміне 47 жастағы ауыл тұрғыны хабарласқан. Ол белгісіз біреу ақысыз жайылымнан он бас ірі қара малды ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын мөлшері екі миллионнан астам теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні - ер адамды, басқа шаруа қожалығының бақташысын ұстады. Ол кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.