
Балқашта полиция өз пәтерінде қарасора өсіріп жатқан адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. Қарағанды облысы, Балқаш қаласы полиция бөлімінің есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері белгілі бір қала тұрғыны өз пәтерінде «марихуана» есірткісін өндірумен айналысады деген ақпарат алды.«Қарасора-2020» және «Учаске» жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция 36 жастағы ер адамды ұстады. Оның пәтерін тінту кезінде төрт гүл ыдысында өсетін қарасора тәрізді өсімдіктер табылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ас үй шкафынан бес кептірілген өсімдіктер мен ерекше иісі бар жасыл түсті қағаз орамасын тапты. Сараптама «жаңа» және кептірілген өсімдіктердің салмағы 500 грамм болатын қарасора екенін, ал қағаз бумада салмағы 21 грамм марихуана бар екенін анықтады. ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.