
Полиция қызметкерлері 2 келіден астам есірткіні Қарағанды облысы тұрғынының көлігінен тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. 26 қазанда Қызылорда - Павлодар тас жолында мал ұрлығының алдын алу бекетінде Жаңаарқа ауданының полиция қызметкерлері 30 жастағы облыс тұрғыны басқарған ВАЗ-21140 автокөлігін тоқтатты. Көлік құралдарын багажда қарау кезінде қоңыр түсті ерекше иіспен кептірілген өсімдік тектес зат табылды. Тағайындалған сараптама нәтижелері бойынша бұл зат салмағы 2 кг 400 гр-нан асатын кептірілген марихуана екені анықталды. Осы факті бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.