Осакаров ауданында өзгенің қорасынан қой ұрлаған күдікті ұсталды

Осакаров ауданында өзгенің қорасынан қой ұрлаған  күдікті ұсталды

Осакаров ауданында өзгенің қорасынан қой ұрлаған күдікті ұсталды
Қарағанды облысының Осакаров ауданында полиция қызметкерлері ауылдық елді мекендердің бірінде жасалған мал ұрлығы дерегін ашты. Қылмыс салдарынан 53 жастағы жергілікті тұрғын қорасында ұстаған екі қойынан айырылған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көрші ауылдың 55 жастағы тұрғыны күдікті ретінде анықталып, ұсталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, қора-жайға заңсыз кіріп, малды қолды қылған. Келтірілген материалдық шығын 100 мың теңге көлемінде бағаланып отыр. Тергеу барысында күдіктінің ұрланған қойларды төмен бағамен сатып, түскен қаражатты жеке басының қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің аудан аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу жалғасуда.