Қарағандыда автокөлік дөңгелектерінің ұрлығы әшкереленді

Қарағандыда автокөлік дөңгелектерінің ұрлығы әшкереленді

Қарағандыда автокөлік дөңгелектерінің ұрлығы әшкереленді
Желтоқсанның бір таңында Қарағанды қаласының 21 жастағы тұрғыны жағымсыз жағдайға тап болды. Аулада тұрған автокөлігінен белгісіз біреулер барлық төрт дөңгелекті шешіп әкеткен. Келтірілген материалдық шығын 800 мың теңгеге бағаланды. Оқиға орнына жедел жеткен Ә.Бөкейхан атындағы полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтың арызын қабылдап, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол жәбірленушімен жасты, көршілес ауданның 21 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Тексеру барысында ұрланған дөңгелектер күдіктінің пәтерінен табылды. Белгілі болғандай, ол мүлікті күмән тудырмас үшін өз үйінде сақтап, кейін сату арқылы қылмыс ізін жасыруды жоспарлаған. Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар полиция қызметкерлері оның өңір аумағында жасалған өзге де осындай ұрлықтарға қатыстылығын тексеріп жатыр.