Қызметкер ұйымнан 4,5 миллион теңгенің мүлкін ұрлады

Қызметкер ұйымнан 4,5 миллион теңгенің мүлкін ұрлады

Қызметкер ұйымнан 4,5 миллион теңгенің мүлкін ұрлады

Қарағандыдағы Жаңа-Майқұдық полиция бөлімшесіне қала ұйымдарының бірінің басшылығы ірі көлемдегі ұрлық туралы арызданды. Ішкі тексеріс барысында кәсіпорыннан бейнепанельдің жоғалғаны анықталып, ұйымға шамамен 4,5 миллион теңге көлемінде материалдық зиян келгені белгілі болды. Жедел шаралар нәтижесінде полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол - осы ұйымның 44 жастағы қызметкері болып шықты. Тергеу барысында ер адамның бейнепанель бөліктерін біртіндеп алып шығып, кейін толық жинақталған құрылғыны сатуды жоспарлағаны белгілі болды. Ол тіпті бірнеше рет интернетке хабарландыру да орналастырған. Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолдануға дайындалуда. Ұрланған бейнепанель тәркіленіп, заттай айғақ ретінде іске тіркелді.