Қарағанды облысында жол апаты жиі орын алатын 7 қауіпті учаске анықталды

Қарағанды облысында жол апаты жиі орын алатын 7 қауіпті учаске анықталды

Қарағанды облысында жол апаты жиі орын алатын 7 қауіпті учаске анықталды

Қарағанды облысының Полиция департаменті «Қазавтожол» мамандарымен бірге республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды тексеріп, апат жиі болатын жеті қауіпті аймақты анықтады. Қауіпті учаскелерге алғаш рет қызыл жолақ ескерту белгісі енгізілді. Ол түнде де, қардың астында да анық көрінеді. Қарағанды–Қарқаралы тасжолында орнатылған қызыл жолақтан кейін бұл жерде бірде-бір апат тіркелмеген. Қыс мезгілінде қауіпсіздікті күшейту үшін:
* республикалық тасжолдарға үлкен ақпараттық экрандар орнатылды;
* ауа райына байланысты жылдамдықты автоматты түрде өзгертіп отыратын электронды белгілер іске қосылды. Мамандардың айтуынша, жол қауіпсіздігі бойынша алдын алу шаралары жалғасады.