Төменгі Қайрақты: алкогольден азат ауыл!

Төменгі Қайрақты: алкогольден азат ауыл!

Төменгі Қайрақты: алкогольден азат ауыл! Қарағанды облысы, Шет ауданындағы Төменгі Қайрақты ауылының тұрғындары елді мекен аумағында алкоголь сатуға тыйым салды 730 тұрғыны бар шағын ауыл бұл бастаманы толық қолдады. Ауыл тұрғындарының жиналысында шешім бірауыздан қабылданды. Учаскелік инспектор, әкім және ақсақалдар алкогольдің зиянын атап өтті. Тұрғындар салауатты орта қалыптастыруға сенімді. Бұл облыстағы алғашқы бастама емес. Бұған дейін 69 ауылда алкоголь саудасына шектеу қойылған.