
Көліктен ақбөкеннің қаңқасы мен мылтықты Қарағанды облысының полиция қызметкерлері тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. 11 қазанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» жедел-іздестіру іс-шарасы барысында далада келе жатқан көлікке назар аударды. Бұл көліктің жүргізушісі полицейлерді көріп, жылдамдығын арттырып, қашып кетуге тырысты. Бірақ полиция көлікті ұстады және оларды тексеру кезінде салоннан ақбөкеннің ұшасы мен тегіс ұңғылы аңшы мылтығын тапты. 337-бап «Заңсыз аң аулау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.