Қарағанды полицейлерінен ерлік сабағы! Қарағанды облысының полицейлері жас курсанттармен кездесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ерасыл Мурат, Бекзат Омашев және Медет Аскаров – қазірдің өзінде аймақ тарихына енген батырлар. Ерасыл мен Бекзат тоғызыншы қабаттан секірмек болған қызды құтқарды. Олардың батылдығы мен кәсібилігі көпшіліктің көңілінен шықты. Ал Медет Аскаров тоғыз адамның өмірін сақтап қалған. Халық оны «супермен-полицей» деп атайды. Ол нағыз ерлік – өз міндетіңді тыңғылықты орындау дейді. Полицейлердің әңгімелері жас курсанттарды жігерлендіріп, отансүйгіштік рухын оятты. Ерлік – әркімнің қолынан келетін қасиет!