Қарағандыда iPhone 13 ұрлаған қалта ұрысы ұсталды

Қарағандыда iPhone 13 ұрлаған қалта ұрысы ұсталды

Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте қалта ұрлығын жасаған 30 жастағы ер адамды ұстады. Оқиға қаладағы автобустардың бірінде болған. Күдікті жолаушы әйелдің сөмкесінен iPhone 13 маркалы смартфонын жасырын түрде ұрлап кеткен. Алайда ол ұрланған телефонды сатып үлгермей, тәртіп сақшыларының жедел іс-қимылының арқасында ұсталды. Смартфон заңды иесіне қайтарылды. Зардап шеккен 34 жастағы қала тұрғыны телефонының жоғалғанын дүкенде төлем жасау кезінде ғана байқаған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің қала аумағында бұрын жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.