
«Қарағанды қаласының 54 жастағы тұрғыны жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігі, «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу, елеулі залал келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, сол күні полиция қызметкерлері жаңадан ауланған балықты заңсыз экспорттаудың тағы екі әрекетінің жолын кесті. 45 және 36 жастағы екі азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабының 1-бөлігі, «Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.