
Тергеуші қызметі – аса сауаттылық пен білімді, шыдамдылықты талап ететін, жауапкершілігі мол іс. Олардың ең басты міндеті – қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ азаматтарымыздың жеке қауіпсіздігі мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
«Қай жұмысты алып қарасаң да, әрқайсысының өз қиындығы бар. Алдымнан түрлі санаттағы талай қылмыскер өтті. Олармен тілдескенде бірінші кезекте қаталдық пен әділдік, талапшылдық болу қажет және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарымен жұмыс істеуің қажет-дейді полиция майоры Талғат Нығматоллаұлы.
Мейманов Талғат Нығматоллаұлы – полиция саласында 2007 жылдан бастап 17 жыл қажырлы еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында Талғат Нығматоллаұлы өз біліктілігін көрсетіп, бүгінгі күні тәжірибелі қызметкердің бірі. Полицияда қызмет өткеру кезінде өзін кәсіби-сауатты, қызметіне адал қарайтын қызметкер ретінде жақсы жағынан көрсете білді. Бүгінде еткен еңбегінің, өзінің қызметтік міндетіне аса жауапкершілікпен қарағанының арқасында, кейіпкеріміз талай қылмыстың ашылуына өз үлесін қосып келеді.
Талғат Нығматоллаұлы 1985 жылы ақпан айының 16 жұлдызында Ақтау кентінде дүниеге келген. Әкесі Мейманов Нығматолла Қасымұлы барлық өмір жолын осы полиция саласына арнаған. Қазіргі уақытта зейнеткер.Әр қадамы қауіп қатерге толы құқық қорғау саласының қызметкері болу қандай жауапкершілікті қызмет екенін біліп тұрса да, әкесінің жолын жалғап, бұл мамандықтың абыройын асқақтатуды мақсат тұтқан полиция майоры өзінің мақсат-мүддесін жүзеге асыруда. Теміртау қаласының жалпы білім беретін мектебін бітіріп, 2003-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша үздік тамамдайды. Оқу бітірген соң, 2007-2008 жылдар аралығында алғашқы еңбек жолын Теміртау қаласының Ескіқалалық ПБ криминалдық бөлімшесінің жедел уәкілі болып жұмыс атқарған. Осы жылы Теміртау қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс ПБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі, 2009 жылы Теміртау ПБ тергеуші бөлімшесінің аға тергеушісі болып, Теміртау қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс ПБ кейін тергеуші бөлімшесінің бастығының орынбасары, 2011 жылы жеке қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы, 2012 жылы Қарағанды облысының ПД Штаб аға инспекторы қызметін атқарып өзінің адал қызметі арқасында 2013 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытта Орталық ПБ бастығының орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, қызметін жалғастыруда.
Полиция қызметінен тәжірибесі бар және қыр-сырын толық меңгерген полиция майоры жас мамандарды дайындауда және олардың қалыптасуында өзінің тәжірибеге бай өмір жолдары мен тәлім-тәжірибелерін, қылмыстық іздестіру қызметінің қыр-сырларын жас қызметкерлерге үйретіп келеді. Қазіргі таңда қоғам өзгерген сайын қылмыс түрі де өзгеруде. Ал, осы қылмысты ашуда, қылмыстың алдын алуда полиция майоры Талғат Нығматоллаұлы сияқты қызметкерлердің еңбегі ұланғайыр. Адал қызмет етуді борышы етіп санайтын кейіпкеріміз осы жылдар ішінде бірқатар жетістіктерге жеткен. Бұған Қазақстан Республикасы ІІМ «Құқық қорғау саласында 10, 15 жыл мінсіз қызметі үшін» төсбелгісі, ІІМ және Қарағанды облысының Полиция департементі басшылығының атынан алған Алғыс хаттары мен марапаттаулары дәлел бола алады. Бұл оның маңдай терінің жемісі болып табылады.