«Қарағанды облысының Полиция департаменті» ММ (100015, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37, анықтама телефондары
(7212) 42-91-98,электрондық мекенжайыdamikosh92@mail.ru,құқық қорғау органдарындағы бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу
Хабарландырудыжариялау: 05.08.2025 жыл
Құжаттарды қабылдау күні: 06.08.2025 жыл
Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні: 12.08.2025 жыл
Қарағанды облысының Полиция департаменті келесі аға басшы құрам лауазымынаконкурс жарялайды: бөлім бастығы – әскери-дәрігерлік комиссияның төрағасы.
С-SVO-4 санаты үшін жалпы біліктілік талаптары:
Жоғары (немесе ЖОО-дан кейінгі) медициналық білім («Қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина»,«Медициналық-профилактикалық іс», «Емдеу ісі», «Педиатрия» мамандықтары бойынша).
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1)денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
2)ұйымдарда клиникалық немесе сараптамалық жұмыста кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
3) құқық қорғау органдарына қызметке отыз бес жастан аспаған азаматтар қабылданады.
Бөлім бастығы –әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы-дәрігердіңлауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
С-SVO-4 |
305700 |
366326 |
Қарағанды облысының Полиция департаменті бөлім бастығы –әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы-дәрігер(1 бірлік, С-SVO-4санаты).
Функциялық міндеттері: әскери-дәрігерлік комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін азаматтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық куәландыруды ұйымдастыруды және алқалы өткізуді қамтамасыз етеді. ӘДК мамандарының өзара іс-қимылдарының тиімділігін қамтамасыз етеді, олардың іс-әрекеттерін медициналық куәландыру өткізуді ұйымдастыруды және дамытуды жетілдіруге бағыттайды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері зақымдарының (жаралануының, контузиясының жарақаттануының), ауруларының себепті байланысын анықтайды.ӘДК қызметін талдауды жүзеге асырады және бөлініс жұмысыныңнысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті іс-шараларды қабылдайды.Медициналық және есепке алу-есептілік құжаттардың уақытылы және сапалы ресімделуін қамтамасыз етеді. Басқа қызметтердің мамандарымен әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
3) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырлған егжей-тегжейлі өмірбаяны;
5) осы Қағидалардың3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;
6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуіне негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар олар кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының Полиция департаменті» ММ-да өтеді.