«Қарағанды облысының Полиция департаменті» ММ (100015, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37, анықтама телефондары
(7212) 42-94-53, электрондық мекенжайы а.kuanyshbaeva@mvd.gov.kz. құқық қорғау органдарындағы бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу.
Хабарландырудыжариялау: 10.04.2025 жыл
Құжаттарды қабылдау күні: 10.04.2025 жыл
Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні: 16.04.2025 жыл
Қарағанды облысының Полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасы психологиялық жұмысты ұйымдастыру тобының аға инспектор-психологі лауазымына конкурс жариялайды (С-SVO-8 санаты бойынша).
Біліктілік талаптары:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) осы лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі;
Келесі құзыреттердің болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы психологиялық жұмысты ұйымдастыру тобының аға инспектор-психологінің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
С-SVO-8 |
193854 |
357300 |
Лауазымдық міндеттері: ІІО-да әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді ұйымдастырады және жүргізеді, қызметтік ұжымдарда моральдық-психологиялық ахуалдың жағдайын талдайды және болжайды. ІІО бөліністерінің ұжымдарында қызметкерлердің психологиялық сенімділігін арттыру, әлеуметтік-психологиялық процестер мен құбылыстарды оңтайландыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қызметкерлердің кәсіби жұмысқа қабілеттілігін оңалту, қалпына келтіру мақсатында түзету жұмыстарын жүзеге асырады және белгіленген тәртіпте қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелеріне көмек көрсетеді. Жеке құраммен психологиялық даярлық шеңберінде сабақтарды ұйымдастырады, сондай-ақ олардың әдістемелік қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларғақойылатын талаптар:
3) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазып толтырған егжей-тегжейлі өмірбаяны;
5) осы Қағидалардың3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;
6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуіне негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгіме жүргізуоларды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қарағанды облысының Полиция департаменті» ММ-да өтеді.