Қарағанды облысының Полиция департаменті Әскери–дәрігерлік комиссиясының төрағасы – дәрігері- бөлім бастығы лауазымына конкурс жарялайды (С-SVO-4 санаты бойынша)

«Қарағанды облысының Полиция департаменті» ММ (100015, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37, анықтама телефондары

(7212) 42-91-98, электрондық мекенжайы a.niyazbekova@mvd.gov.kz, құқық қорғау органдарындағы бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу.

 

 

Хабарландыруды жариялау: 09.04.2025 жыл

Құжаттарды қабылдау күні: 09.04.2025 жыл

Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні: 15.04.2025 жыл

 

 

Қарағанды облысының Полиция департаменті Әскери–дәрігерлік комиссиясының төрағасы – дәрігері- бөлім бастығы лауазымына конкурс жарялайды (С-SVO-4 санаты  бойынша).

 

Біліктілік талаптары:

 

  1.   Жасы – 35-ке дейін  (құқық қорғау органдарына қызметке отыз бес жастан аспаған және денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайында  азаматтар қабылданады);
  2. Білімі: жоғары (немесе ЖОО-дан кейінгі) медициналық білім(«қоғамдық денсаулық сақтау», «Жалпы медицина»,«медициналық-профилактикалық іс», «емдеу ісі», «педиатрия» мамандықтары бойынша).

 

     Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 

    1)денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;

     2)ұйымдарда клиникалық немесе сараптамалық жұмыста кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;

 

     Келесі құзыреттердің болуы болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

 

 

 

Әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы – дәрігер -бөлім бастығының лауазымдық жалақысы:

Санаты

Еңбек сіңірген

жылдарына байланысты

min

max

С-SVO-4

305700

366326

 

 

 

Лауазымдық міндеттері: Әскери-дәрігерлік комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін азаматтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық куәландыруды  ұйымдастыруды және алқалы өткізуді қамтамасыз етеді.  ӘДК мамандарының өзара іс-қимылдарының тиімділігін қамтамасыз етеді, олардың іс-әрекеттерін медициналық куәландыру өткізуді ұйымдастыруды және дамытуды жетілдіруге бағыттайды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері зақымдарының (жаралануының, контузиясының жарақаттануының), ауруларының себепті байланысын анықтайды.ӘДК қызметін талдауды жүзеге асырады және бөлініс жұмысыныңнысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті іс-шараларды қабылдайды.Медициналық және есепке алу-есептілік құжаттардың уақытылы және сапалы ресімделуін қамтамасыз етеді. Басқа қызметтердің мамандарымен әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

  • осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратынқұжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

      3) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

     4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылып толтырлған егжей-тегжейлі өмірбаяны;

       5) осы Қағидалардың3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;

       6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.

      Құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуіне негіз болып табылады. 

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар олар кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының Полиция департаменті» ММ-да өтеді.

 

 

 

 

 

 

Қарағанды облысының Полиция департаменті Әскери–дәрігерлік комиссиясының төрағасы – дәрігері- бөлім бастығы лауазымына конкурс жарялайды (С-SVO-4 санаты бойынша)
Дата публикации
09 апреля 2025