«Қарағанды облысының Полиция департаменті» ММ (100015, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37, анықтама телефондары
(7212) 42-91-98,электрондық мекенжайыa.niyazbekova@mvd.gov.kz,құқық қорғау органдарындағы бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу.
Хабарландырудыжариялау: 09.04.2025 жыл
Құжаттарды қабылдау күні: 09.04.2025 жыл
Құжаттарды қабылдауды аяқтау күні: 15.04.2025 жыл
Қарағанды облысының Полиция департаменті тылдық қамтамасыз ету басқармасы ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану тобының аға инспекторы лауазымынаконкурс жарялайды (С-SVO-8 санаты бойынша).
Біліктілік талаптары:
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) осы лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі;
Келесі құзыреттердің болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және өзара әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Тылдық қамтамасыз ету басқармасы ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану тобының аға инспекторыныңлауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
|
С-SVO-8 |
193854 |
357300 |
Лауазымдық міндеттері:Автономды жылыту жүйесінің қауіпсіз жұмысына жауапты, ПД әкімшілік ғимараттарының жылу қондырғыларын бақылауды қамтамасыз етеді. Техникалық жетекшілік етеді. ПД объектілерін құжаттайды және сертификаттайды. Тауарларды жеткізу және коммуналдық қызметтерді көрсетуге шарттар жасайды. ПД объектілерін ай сайынғы сумен жабдықтау, электр энергиясын тұтыну бойынша коммуналдық қызметтерді есепке алуды жүргізеді, деректерді тиісті ұйымдарға жібереді. Есептеу құралдарын жөндеуді қамтамасыз етеді. Облыс ПД-ның көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдегі жылумен қамтамасыз етілуі, ғимараттар мен құрылыстарының дайындығы туралы мәліметтерді ұсынады.
Конкурсқа қатысушыларғақойылатын талаптар:
3) Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазып толтырған егжей-тегжейлі өмірбаяны;
5) осы Қағидалардың3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;
6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.
Құжаттар пакетін толық ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуына және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуіне негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) бере алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгіме жүргізуоларды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қарағанды облысының Полиция департаменті» ММ-да өтеді.