ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ

 Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам бос лауазымдарына жалпы конкурс өткізу туралы  «Қарағанды облысының Полиция департаменті»  ММ-нің хабарландыруы

 

Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын ортақ біліктілік талаптары:

 

C-SVО-9 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім;

келесі құзыреттердің бар болуы: бастамашылық,  ашықтық, талдай білу, жинақылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

C-SVR-8 санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім;

келесі құзыреттердің бар болуы: бастамашылық,  ашықтық, талдай білу, жинақылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

C-SN-8   санаты үшін: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім, жекпе-жек күрес түрлері бойынша спорттық атақтарының, разрядтарының біліктіліктерінің немесе практикалық ату бойынша куәліктерінің болуы;

келесі құзыреттердің бар болуы: бастамашылық,  ашықтық, талдай білу, жинақылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

С-SSP-8 санаты үшін: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім;

келесі құзыреттердің бар болуы: бастамашылық,  ашықтық, талдай білу, жинақылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

C-SV-12 (13) санаты үшін: орта білім;

келесі құзыреттердің бар болуы: бастамашылық,  ашықтық, талдай білу, жинақылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген

жылдарына байланысты

min

max

C-SVО-9

122 681

149 651

C-SVR-8

113 974

137 971

C-SN-8

157635

209390

С-SSP-8

115048

147270

C-SV-12

83830

107827

 

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

 

 Қоғамдық тәртіпті сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі взвод инспекторы (C-SN-7), -  25 бірлік.

 

- Қарағанды  облысының   Полиция  департаменті – 10 бірлік, 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37, анықтама үшін телефон: (7212) 42-91-81,

- Қарағанды  облысының   Полиция  департаменті (орналасқан жері Сәтпаев қаласы) – 5 бірлік, 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37, анықтама үшін телефон: (7212) 42-91-81,

- Қарағанды  облысының   Полиция  департаменті (орналасқан жері Теміртау қаласы) – 5 бірлік, 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37, анықтама үшін телефон: (7212) 42-91-81,

- Қарағанды  облысының   Полиция  департаменті (орналасқан жері Жезқазған қаласы) – 5 бірлік, 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37, анықтама үшін телефон: (7212) 42-91-81,

 

Функционалдық  міндеттері: бұқаралық және күзет іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда қамтамасыз ету

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  білімі - жоғары заңгер мамандығы бойынша  («заңтану»,  «халықаралық құқық» «құқық қорғау қызметі»), жоғары педогокиялық («алғашқы әскери даярлық», «дене шынықтыру және спорт»),  жекпе-жек күрес түрлері бойынша спорттық атақтарының, разрядтарының біліктіліктерінің немесе практикалық ату бойынша куәліктерінің болуы жасы отыз бестен аспаған, бойы 170 см. кем болмауы қажет.

 

 

Криминалдық полиция бөлімің жедел уәкілі  (C-SVR-8), -  2 бірлік.

 

-  Теміртау қаласының полиция басқармасы (Шығыс полиция бөлімі) – 1 бірлік, 101403, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Мичурин көшесі, 8, анықтама үшін телефон: 8 (7213) 98-43-15, 98-47-58, 98-19-64;

- Сәтбаев қаласының полиция бөлімі (Жезқазған АПБ)  - 1 бірлік, 101301, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы, Абай көшесі, 6 а, анықтама үшін телефон:  8 (71063) 3-35-74;

 

Функционалдық  міндеттері:  Қызмет желісі бойынша қылмыстарды ашу, жедел-іздестіру іс-шараларын және тергеу әрекеттерін уақтылы өткізу және іске асыру.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары заңгер мамандығы бойынша  («заңтану», «құқық қорғау қызметі»), жасы отыз бестен аспаған, бойы 170 см. кем болмауы қажет.

 

 

Тергеу  бөлімің тергеушісі  (C-SVR-8), -  3 бірлік.

 

 - Қарағанды қаласының  полиция  басқармасы (Киров ПБ) – 1 бірлік, 100000, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 118, анықтама үшін телефон: (7212) 40-71-20, 40-71-53;

  - Бұқар жырау ауданының полиция басқармасы  – 1 бірлік, 100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі, 44, анықтамалар үшін телефон: (72154) 21-1-67, 21-2-41;

- Сәтбаев қаласының полиция бөлімі - 1 бірлік, 101301, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы, Абай көшесі, 6 а, анықтама үшін телефон:  8 (71063) 3-35-74;

 

Функционалдық  міндеттері:   Жасалған қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды қарау, бекітілген заңнамаға сәйкес олар бойынша шешімдерді қабылдау.  Қылмыстық-процестік заңнама ішкі істер органдары үшін белгілеген шектерде қылмыстар, оның ішінде ерекше қоғамдық маңызы бар және күрделі қылмыстар бойынша тергеуді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары заңгер мамандығы бойынша  («заңтану», «құқық қорғау қызметі»), жасы отыз бестен аспаған, бойы 170 см. кем болмауы қажет.

 

 

Кәмелетке жасы толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-8), - 4 бірлік.

 

- Қарағанды қаласының  полиция  басқармасы (Теміржолы ПБ) – 1 бірлік, 100000, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 118, анықтама үшін телефон: (7212) 40-71-20, 40-71-53;

-  Теміртау қаласының полиция басқармасы (Ескіқалалық ПБ) – 1 бірлік, 101403, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Мичурин көшесі, 8, анықтама үшін телефон: 8 (7213) 98-43-15, 98-47-58, 98-19-64;

-  Теміртау қаласының полиция басқармасы (Шығыс ПБ) – 1 бірлік, 101403, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Мичурин көшесі, 8, анықтама үшін телефон: 8 (7213) 98-43-15, 98-47-58, 98-19-64;

 -  Жезқазған қаласының полиция басқармасы - 1 бірлік, 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі, 57, анықтама үшін телефон: (7102) 76-08-53;

 

Функционалдық  міндеттері:   Әкімшілік учаскеде профилактикалық іс-шараларын өткізу, кәмелетке толмағандармен жұмысы жөніндегі басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, қоғамға қарсы бағыттағы жасөспірімдер топтарын анықтау және заңнамаларға сәйкес ықпал ету шараларын қолдану.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары заңгер мамандығы бойынша  («заңтану»,  «халықаралық құқық» «құқық қорғау қызметі»), жоғары педогокиялық («педагогика және психология», «алғашқы әскери даярлық», «дене шынықтыру және спорт», «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «психология», «педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»),    жасы отыз бестен аспаған, бойы 170 см. кем болмауы қажет.

 

 

 Патрульдік полицияның  қызмет инспекторы (С-SSP-8), - 31 бірлік.

 

- Қарағанды қаласының  полиция  басқармасы– 15 бірлік, 100000, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 118, анықтама үшін телефон: (7212) 40-71-20, 40-71-53;

-  Теміртау қаласының полиция басқармасы – 4 бірлік, 101403, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Мичурин көшесі, 8, анықтама үшін телефон: 8 (7213) 98-43-15, 98-47-58, 98-19-64;

-  Жезқазған қаласының полиция басқармасы - 3 бірлік, 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі, 57, анықтама үшін телефон: (7102) 76-08-53;

-  Шахтинск қаласының полиция бөлімі – 5 бірлік, 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, К.Маркс көшесі, 42/А, анықтама үшін телефон: 8 (72156) 52-6-36,40-9-42;

- Сәтбаев қаласының полиция бөлімі - 3 бірлік, 101301, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы, Абай көшесі, 6 а, анықтама үшін телефон:  8 (71063) 3-35-74;

-  Балқаш қаласының  полиция бөлімі - 1 бірлік, 100300, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Бөкейхан көшесі, 22а, анықтама үшін телефон: (71036) 4-26-82, 4-02-17;

 

        Функционалдық міндеттері:  Көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, көліктік магистральдарда, вокзалдарда, әуежайларда және басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Автокөлік құралдары жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің  жол жүрісі Ережесін бұзуын ескерту және алдын алу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары заңгер мамандығы бойынша  («заңтану», «халықаралық  құқық», « құқық қорғау қызметі»), білімі - жоғары техникалық және кәсіптік («көлік», «көлік, көліктік техника және технология»,  «тасымалдауларды, жол жүрісін  ұйымдастыру және көлікті пайдалану»), орта білімнен кейінгі білім  заңгер мамандығы бойынша,   жасы отыз бестен аспаған, бойы 170 см. кем болмауы қажет, қосымша талап жүргізуші куәлігінің болуы.

 

 

Жол және техникалық инспекциясы тобының инспекторы (С-SVО-9), - 1 бірлік.

 

- Қарағанды  облысының   Полиция  департаменті – 1 бірлік, 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37, анықтама үшін телефон: (7212) 42-91-81,

 

Функционалдық міндеттері: Жол және техникалық инспекциясы  аумағында өткізілетін іс-шаралар бойынша ақпараттары мен мәліметтерін талдап қорытуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде жол-көше тармақтарындағы құрылыстық-жөндеу жұмыстарына және басқа да өндірістік жұмыстарына бақылау жүргізуге.  

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары техникалық («көлік, көлік техникасы және технологиялар», «көлік құрылысы», «көлік тасымалдауларын, жол жүрісін ұйымдастыру және пайдалану»),  жасы отыз бестен аспаған, бойы 170 см. кем болмауы қажет.

 

 

Жол және техникалық инспекциясы тобының мемавтоинспекторы (С-SVR-8), - 7 бірлік.

 

-  Теміртау қаласының полиция басқармасы – 1 бірлік, 101403, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Мичурин көшесі, 8, анықтама үшін телефон: 8 (7213) 98-43-15, 98-47-58, 98-19-64;

-  Шахтинск қаласының полиция бөлімі – 1 бірлік, 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, К.Маркс көшесі, 42/А, анықтама үшін телефон: 8 (72156) 52-6-36,40-9-42;

- Осакаров ауданының полиция бөлімі - 1 бірлік, 100700, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаров кенті, Литвиновская көшесі, 93, анықтама үшін телефон: (72149) 41-1-04;

-  Қарқаралы ауданының полиция бөлімі – 1 бірлік, 100800,  Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, М.Әуезов көшесі, 31, анықтама үшін телефон: (72146) 3-17-50;

- Сәтбаев қаласының полиция бөлімі - 1 бірлік, 101301, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы, Абай көшесі, 6 а, анықтама үшін телефон:  8 (71063) 3-35-74;

- Ақтоғай ауданының полиция бөлімі – 2 бірлік, 100200, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кенті, Абай көшесі 3, анықтамалар үшін телефон: (71037) 2-16-90;

 - Шет ауданының полиция бөлімі - 1 бірлік, 101700, Қарағанды облысы Шет ауданы, Ақсу-Аюлы кенті, Шортанбай жырау көшесі, 16, анықтамалар үшін телефон: (71031) 2-12-38.

 

Функционалдық міндеттері:    Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде жол-көше тармақтарындағы құрылыстық-жөндеу жұмыстарына және басқа да өндірістік жұмыстарына бақылау жүргізуге.  

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - жоғары техникалық («көлік, көлік техникасы және технологиялар», «көлік құрылысы», «көлік тасымалдауларын, жол жүрісін ұйымдастыру және пайдалану»),  жасы отыз бестен аспаған, бойы 170 см. кем болмауы қажет.

 

 

Қылмыс жасауда күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда уақытша ұстау изоляторының полицей   (C-SV-12),  - 6 бірлік.

 

- Қарағанды қаласының  полиция  басқармасы– 2 бірлік, 100000, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 118, анықтама үшін телефон: (7212) 40-71-20, 40-71-53;

- Саран қаласы полиция бөлімі - 1 бірлік, 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 60, анықтамалар үшін телефон: (237) 2-52-02;

 - Бұқар жырау ауданының полиция басқармасы  – 1 бірлік, 100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі, 44, анықтамалар үшін телефон: (72154) 21-1-67, 21-2-41;

- Осакаров ауданының полиция бөлімі - 1 бірлік, 100700, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаров кенті, Литвиновская көшесі, 93, анықтама үшін телефон: (72149) 41-1-04;

- Сәтбаев қаласының полиция бөлімі - 3 бірлік, 101301, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы, Абай көшесі, 6 а, анықтама үшін телефон:  8 (71063) 3-35-74.

 

       Функциялық міндеттері:  УҰИ-да ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды үздіксіз бақылауды жүзеге асырады, ішкі тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. 

  Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - орта,   жасы отыз бестен аспаған,  мерзімді әскери қызметтен өткен ер адамдар, бойы 170 см.  кем болмауы қажет.

 

 

Тылдың қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі  (C-SV-12), - 3 бірлік.

 

-  Нұра ауданы полиция бөлімі – 1 бірлік, 100900, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті,  Талжанов көшесі, 6,  анықтамалар үшін телефон: (72144) 2-24-62;

- Сәтбаев қаласының полиция бөлімі - 1 бірлік, 101301, Қарағанды облысы, Сәтпаев қаласы, Абай көшесі, 6 а, анықтама үшін телефон:  8 (71063) 3-35-74;

       -  Ұлытау ауданының полиция бөлімі - 1 бірлік, 101500, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы Ұлытау кенті,  Бұлқышев көшесі, 13, анықтама үшін телефон: (71035) 2-14-36.

 

 Функциялық міндеттері: автокөлікке бекітілген техникалық қызмет көрсету және ағымдың жөндеу негіздерін сақтау, көлік құралдарының олардың мақсатына сәйкес пайдаланылуына  (пайдаланылуын), Қазақстан Республикасының жол жүрісі ережесінің сақталуына бақылауды. Жүзеге асыру көлік құралдарының тұрақты дайындығын,  көліктерде тәртіп пен тазалықтың сақтаулуын, жүргізушінің жол жүру ережелерін сақтауына қамтамасыз ету.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - орта, жүргізуші куәлігінің болуы,  жасы отыз бестен аспаған,  мерзімді әскери қызметтен өткен ер адамдар, бойы 170 см.  кем болмауы қажет.

 

 

Ғимаратты күзеті жөніндегі полицейі (C-SV-12), -  3 бірлік.

 

-  Теміртау қаласының полиция басқармасы – 1 бірлік, 101403, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Мичурин көшесі, 8, анықтама үшін телефон: 8 (7213) 98-43-15, 98-47-58, 98-19-64;

-  Шахтинск қаласының полиция бөлімі – 1 бірлік, 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, К.Маркс көшесі, 42/А, анықтама үшін телефон: 8 (72156) 52-6-36,40-9-42;

 - Саран қаласы полиция бөлімі - 1 бірлік, 101200, Қарағанды облысы, Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 60, анықтамалар үшін телефон: (237) 2-52-02.

 

Функциялық міндеттері:  әкімшіліктік ғимараттарда белгіленген талаптарға тиісті өткізу режимін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - орта,   жасы отыз бестен аспаған,  мерзімді әскери қызметтен өткен ер адамдар, бойы 170 см.  кем болмауы қажет.

 

Ақпараттандыру және байланыс тобының технигі (C-SV-13), -  2 бірлік.

 

 - Қарағанды қаласының  полиция  басқармасы (Михайлов ПБ) - 1 бірлік, 100000, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 118, анықтама үшін телефон: (7212) 40-71-20, 40-71-53;

- Қарағанды қаласының  полиция  басқармасы (Орталық  ПБ) - 1 бірлік, 100000, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 118, анықтама үшін телефон: (7212) 40-71-20, 40-71-53.

 

Функциялық міндеттері:  ведомстволық электрондық поштаның арналары арқылы ақпаратты қабылдау және беру, сұрауларды өңдеулерді жүзеге асыру, хабарлама арқылы жеделхаттарды тіркеу және тіркеу, деректер базасына ақпараттарды енгізу және алғашқы есептілік құжаттарымен жұмыс істей білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - орта,   жасы отыз бестен аспаған,  мерзімді әскери қызметтен өткен ер адамдар, бойы 170 см.  кем болмауы қажет.

 

 

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады  конкурс жарияланған ішкі істер органдарының аумақтық бөліністеріне немесе келесі мекен жайы бойынша ұсынылуы тиіс: 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі 37, ПД Кадр саясаты басқармасы 318 кабинет, анықтама телефоны: 8-(7212)-42-91-81, факс 8-(7212)-42-92-96.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн Пб кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса  ұсынылатын құжаттардың тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабадағы  келесі құжаттарды тапсырады:

1) Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;

2) Қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнаманы;

3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген Пб қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес нысан бойынша кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;

4) Іріктеу қағидаларына сәйкес нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаянды;

5) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куә лігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;

9) 3х4 см өлшемдегі төрт фотосуретті;

10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

11) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9638 болып тіркелген) бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерiн жүргiзу мен пайдаланудың Қағидасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;

12) құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);

14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

 Құжаттар пакетін толық ұсынбау, бермеген жағдайда тұлға оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының , басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.           Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

            Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. 

            Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Общие квалификационные требования ко всем участникам конкурса
Дата публикации
13 августа 2020