Қарағанды ​​облысы ПД Жезқазған қаласының ПБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығы бос лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі  Қарағанды облысының Полиция департаменті басшы құрам лауазымының бос орнын  толықтыру бойынша ішкі конкурс жариялау туралы

 Лауазымдық жалақылары (теңге)   

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

минималды

максималды

C-SVR-4

 

148867

168865

 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі  Қарағанды облысының Полиция департаменті, 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37, анықтама үшін телефон 8 (7212) 42-91-81, 42-91-98, 42-92-67, факс 42-92-96, электрондық мекенжайы: krg_dp_kence@mvd.gov.kz, бос басшы құрам лауазымына орналастыру үшін конкурс  жариялайды

 - Қарағанды облысының Полиция департаменті Жезказған қаласының полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімінің бастығы (1 бірлік, C-SVR-4 санаты).

Функциялық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылық етеді.  Талаптарға сәйкес және ІІО басшылығының келісімімен бөлімнің жұмысын жоспарлайды, бөлімдегі жұмыстың басымдылығын, жоғары тұрған органдардың алға қойған міндеттерін іске асыру нысаны мен әдістерін анықтайды. Бөлімінің жұмысы бойынша мүдделі мекемелер мен ұйымдармен, полиция қызметімен өзара іс-қимылды ұйымдастырады. Өз құзіреті шегінде азаматтарды қабылдайды, құжаттарға қол қояды, іс қағаздарын жүргізеді. Өзіне бекітілген жұмыс бағыты бойынша есептерді дайындайды.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.

 -  құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөліністердің штаттық кестесімен қарастырылған келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдардабір жылдан кемемес;

 - арнайы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

- осы санаттағы  нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес.

 Ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметіндегі немесе функционалдық бағыттарға сәйкес келетін саладағы жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес. Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші деңгейінің жоғары болуы.

Құжаттар 27.08 - 28.08.2019, 02.09.-04.09.2019 жылға дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

  1. №1 Қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен шынайы жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыстың нәтижелерімен бірге қызметтік мінездеме (ерікті нысанда);
  3. басшы құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (2-ден кем емес, ерікті нысанда);
  4. тиімділігін бағалау парағы;
  5. бәсекеге қабілеттігін бағалау парағы;
  6. Қазақстан Республикасының ІІО кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын өткізетін қызмет растаған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (ерікті нысанда);
  7. Жоғарғы тұрған басшы лауазымына кадр резерві тізімінен үзінді (болған жағдайда).

Көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін қабылдаған күні қайтарады

 (Қосымша №1)

 Қарағанды облысының ПД

бастық

полиция полковнигі

Е.Ж. Файзуллинге

 

ӨТІНІШ

 

Маған ________________________________________________________

______________________________________________________________

 

бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға рұқсат беруді сұраймын.

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында бос лауазымды атқаруға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығына жауапкершілік туралы ескертілдім.

 

 

________________________________________________________________

(қолы)                            (атағы, Т.А:Ә:, лауазымы)

 

 

Байланыс деректері:

жұмыс және ұялы телефон нөмірі: ____________________________________

 

электрондық мекенжайы ____________________________________________

 

тұрғылықты мекенжайы ____________________________________________

 

жұмыс мекенжайы _________________________________________________

 

20 ___ жылғы "___" _________

Дата публикации
26 октября 2021