"Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № 489 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 тамызда № 24099 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"
|
3-тарау. Жеке күзет ұйымдары, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктері террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету үшін: |
|||
|
1. |
күзет қызметтерін көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің |
күзет қызметін жүзеге асыруға лицензия |
"Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ЕЛ МДБ АЖ) алу |
|
2. |
меншік не жалға алу құқығында орталықтандырылған күзет пунктін орналастыруға арналған офистік үй-жайының |
Орталықтандырылған күзет пунктінің жұмыс істеуі үшін алаңның болуын растайтын меншік құқығына құжаттар не жалға алу шарты |
"Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесінен алу не жалға алу шарты |
|
3. |
орталықтандырылған бақылау пультінің |
Штаттық орналастыру. |
Осы талапқа сәйкестігін өтініш беруші (лицензиар) қызметті жүзеге асыру орны бойынша лицензиардың бөлімшесіне тиісті құжаттарды жолдау кезінде растайды |
|
4. |
радиобайланыстың |
Тиісті радиожиілік органы берген радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат не жиілігі бар радиобайланыстарға абоненттік (жалға алу) қызмет көрсетуге арналған шарт |
Осы талапқа сәйкестігін өтініш беруші (лицензиар) қызметті жүзеге асыру орны бойынша лицензиардың бөлімшесіне тиісті құжаттарды жолдау кезінде растайды |
|
5. |
объектілерден дабыл сигналдарына шығуды қамтамасыз ететін кемінде екі мобильді топтарының (жедел ден қою топтарының) |
Меншік құқығындағы көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік |
Осы талапқа сәйкестігін өтініш беруші (лицензиар) қызметті жүзеге асыру орны бойынша лицензиардың бөлімшесіне тиісті құжаттарды жолдау кезінде растайды |
|
Штаттық орналастыру және қызметкерлер санының нормативін негізге ала отырып, мобильді топтарды (жедел ден қою топтарын) құру және қызметкерлерді тағайындау туралы бұйрықтар |
|||
|
6. |
қызметтік, оның ішінде атыс қаруының болуын көздейтін талаптарға сәйкес келуі тиіс |
Қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсат |
ЕЛ МДБ АЖ-дан алу |
".
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
Е. Тургумбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі