Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының Полиция департаменті басшы құрам лауазымының бос орнын толықтыру бойынша ішкі конкурс жариялау туралы
Лауазымдық жалақылары (теңге)
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
минималды |
максималды |
|
|
C-SVR-4
|
148867 |
168865 |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысының Полиция департаменті, 100000, Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 37, анықтама үшін телефон 8 (7212) 42-91-81, 42-91-98, 42-92-67, факс 42-92-96, электрондық мекенжайы: krg_dp_kence@mvd.gov.kz, бос басшы құрам лауазымына орналастыру үшін конкурс жариялайды
- Қарағанды облысының Полиция департаменті Теміртау қаласының полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімінің бастығы (1 бірлік, C-SVR-4 санаты).
Функциялық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылық етеді. Талаптарға сәйкес және ІІО басшылығының келісімімен бөлімнің жұмысын жоспарлайды, бөлімдегі жұмыстың басымдылығын, жоғары тұрған органдардың алға қойған міндеттерін іске асыру нысаны мен әдістерін анықтайды. Бөлімінің жұмысы бойынша мүдделі мекемелер мен ұйымдармен, полиция қызметімен өзара іс-қимылды ұйымдастырады. Өз құзіреті шегінде азаматтарды қабылдайды, құжаттарға қол қояды, іс қағаздарын жүргізеді. Өзіне бекітілген жұмыс бағыты бойынша есептерді дайындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім.
- құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөліністердің штаттық кестесімен қарастырылған келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдардабір жылдан кемемес;
- арнайы мемлекеттік органдарда немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс өтілі алты жылдан кем емес.
Ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, не құқық қорғау қызметіндегі немесе функционалдық бағыттарға сәйкес келетін саладағы жұмыс өтілі он жылдан кем емес, оның ішінде нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес. Осы санаттар бойынша лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдылары. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші деңгейінің жоғары болуы.
Құжаттар 27.08 - 28.08.2019, 02.09.-04.09.2019 жылға дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі:
Көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін қабылдаған күні қайтарады