Қарағанды облысында қосымша учаскелік полиция пункттері пайдалануға беріледі

Биыл «НұрОтан» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Өзгерістер жолы: барлығына лайықты өмір!». мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы Қарағанды ​​облысы, Сәтбаев қаласында жаңа учаскелік полиция пунктерінің ашылуы үшін үй-жай сатып алынды. Жалпы, ағымдағы жылдың соңына дейін облыста 5 жаңа учаскелік полиция пункт ашу жоспарлануда. Олардың ішінде, атап өткендей, біреуі Сәтбаев қаласында және Қарағанды ​​қаласында - 4. Қысқа мерзімді уақытта (2025 жылға дейін) инфрақұрылымның дамуын және жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысын ескере отырып, тағы 19 учаскелік полиция пункті, оның ішінде облыс орталығында 5, сондай –ақ, ауылдық жерлердегі учаскелік полиция инспекторлары үшін тұрғын үймен біріктірілген 14 қосымша пункт ашу жоспарлануда. Бұл шаралар «жұртқа жақын  полицей» қағидатын қамтамасыз етуге және азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге ықпал етеді.

Дата публикации
16 августа 2021