- Басқарманың (бөлімнің) негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
- Міндеті: діни қызмет және діни қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Функциялары:
- Қазақстан Республикасы заңдарында ішкі істері органдарының қарауына жатқызылған діни қызмет және діни қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
- конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге насихаттауға немесе үгіттеуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни тектік-топтық, рулық астамшылыққа, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бағытталған мәліметтер мен материалдар бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өнімдерді даярлаумен, сақтаумен, әкелумен, тасымалдаумен, таратумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
- діни қызметті жүзеге асыру сылтауымен азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін заңсыз (дәстүрлі емес) медициналық қызметті жүзеге асыруға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаған кезде материалдарды уәкілетті органға жолдау;
- ғибадат ғимараттар мен құрылысжайларда, діни жораларды өткізетін және құлшылық ететін өзге орындарда, теологиялық оқу орындарында экстремистік және радикалды идеологияны, экстремистік сипаттағы ақпараттық материалдарды таратуға жол бермеу мақсатында оған профилактикалық бақылауды жүзеге асыру;
- шетелдік теологиялық оқу орындарынан оқудан өткен адамдарды, сондай-ақ шетелде террористік белсенді аймақтан қайтып келген адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру.
- Міндеті: экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл ұйымдастыру.
Функциялары:
- Қазақстан Республикасы заңдарында ішкі істері органдарының қарауына жатқызылған экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, оларды тергеуде тергеу органдарына көмек көрсету;
- терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламаларға қатысты қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу, оларды тергеуде тергеу органдарына көмек көрсету, қылмыстың осы түрінің алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихат шаралардың кешенін ұйымдастыру;
- экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстарды анықтауға, олардың алдын алуға, жолын кесуге және ашуға, оларды дайындаған, жасап жүрген немесе жасаған адамдарды табуға және анықтауға, сондай-ақ экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жедел-іздестіру, жасырын тергеу амалдарын және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және тікелей жүргізу;
- экстремистік ұйымдар мен топтар ұйымдастырушыларының, жетекшілерінің және қатысушыларының құқыққа қайшы іс-әрекеттерін, сондай-ақ олар жасайтын қылмыстарды және өзге құқық бұзушылықтарды ескерту және жолын кесу;
- ықтимал экстремистік іс-әрекет факторларын анықтау және ескерту мақсатында көріністік мәдени-бұқаралық, спорттық-бұқаралық және өзге жария іс-шараларды жедел сүйемелдеуді жүзеге асыру;
- деструктивті діни ағымды ұстанатын адамдар жасаған жалпы қылмыстық сипаттағы қылмыстарды, радикалды идеология ұстанатын адамдар қатарынан құрылған қылмыстық топтардың әрекеттерін анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу бойынша криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерімен және өзге ІІО-ның жедел қызметтерімен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;
- экстремистік және террористік ұйымдардың жетекшілері мен мүшелерін, тіркелмеген діни бірлестіктердің, деструктивті және дәстүрлі емес діни ағымдардың, жалған діни секталардың басшылары мен қатысушыларын анықтау, жедел есепке алу, оларға жедел әзірлеме жүргізу және бақылау, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің жолын кесу;
- экстремистік және террористік сипаттағы ақпараттық ресурстар мен материалдарды анықтау мақсатында құзырет шегінде Интернет желісіне мониторингті ұйымдастыру;
- экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстарды жасағаны үшін іздестірудегі жүрген адамдардың болу орнын анықтауда криминалдық іздестіру бөліністеріне көмек көрсету;
- экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қорғау, арнайы және басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру, бірлескен жедел-іздестіру, тергеу және профилактикалық іс-шараларды жоспарлау және іске асыру;
11) экстремизмді және терроризмді қаржыландыруды жүзеге асыратын кәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің, жеке және заңды тұлғалардың қызметін анықтауда және оның жолын кесуде құзыретті органдарға көмек көрсету;
12) құзырет шегінде терроризмге қарсы операцияларды,
оқу-жаттығуларды және эксперименттерді өткізуге жұмылдырылған жедел топтар құрамында қатысу;
- әлеуетті қауіп-қатер туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайында азаматтардың жүріп-тұруы бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын өткізуге қатысу;
- ҚАЖ мекемесінің аумағында бірлескен жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды өткізуді қоса алғанда, бас бостандығынан айыру орындарында терроризм мен экстремизм көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша жедел және өзге қылмыстық-атқару жүйесі бөліністерімен өзара
іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру.
- Міндеті: Діни қатынастар мен діни қызмет, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайды Басқарманың құзыреті шегінде мониторингілеу және бағалау.
Функциялары:
- экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыруға және жетілдіруге бағытталған басқарушылық шешімдерді өндеу үшін жедел-қызметтік жұмыстың мәселелері бойынша аналитикалық және ақпараттық-анықтамалық материалдарды және есептерді жинақтау, талдау, дайындау және ПД, ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті (бұдан әрі – ЭҚІҚД), ІІМ басшылығына ұсыну;
- әлеуметтік, діни, рулық, нәсілдік немесе ұлттық араздық себептері бойынша жаппай құқыққа қарсы көріністердің себептері болуы мүмкін туындаған әлеуметтік және өзге де факторлар туралы
ПД-нің, ІІМ-нің бөліністерін және тиісті мемлекеттік органдарды ақпараттандыру, оларды ескерту және жолын кесу жөнінде ұсыныстар даярлау;
- Қазақстан Республикасы заңдарында ішкі істері органдарының қарауына жатқызылған экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстар туралы істер бойынша сот-тергеу практикасы туралы мәліметтерді құзырет шегінде жинақтау және жалпылау, осы саладағы проблемалық мәселелерді анықтау және олар туралы жоғары тұрған басшылықты хабардар ету;
- жедел және өзге ақпаратты жинақтау, жүйелеу, сақтау және пайдалану арқылы ІІМ-нің ақпараттық деректер базасын қалыптастыруға құзырет шегінде қатысу.
- Міндеті: террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйіне бақылауды ұйымдастыру.
Функциялары:
- тиісті аумақта (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін құрастыруда өңірлік Терроризмге қарсы комиссияларға көмек көрсету, сондай-ақ оны одан әрі түзету бойынша ұсыныстар енгізу;
- ІІО бақылауындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарымен келісу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- ІІО бақылауындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін тексеруді ұйымдастыру;
- ІІО бақылауындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларымен (меншік иелерімен) осы объектілерді қазіргі заманға сай қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу;
- ІІО бақылауындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларын (меншік иелерін) терроризмге қарсы қорғанысты және оларға сеніп тапсырылған объектілер қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;
- террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту бойынша проблемаларды талдау, ұсыныстарды әзірлеу және оларды өңірлік Терроризмге қарсы комиссиялардың қарауына енгізу;
- ІІО бақылауындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің террористік қауіптен терроризмге қарсы қорғалуының тиімділігін қамтамасыз ету бойынша осы объектілердің персоналы арасында түсіндіру жұмысын өткізуді ұйымдастыру.
- Міндеті: экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл тиімділігін арттыру бойынша атқарушы және өкімдік функцияларды жүзеге асыру.
Функциялары:
- экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша қызметті жетілдіруге бағытталған бағдарламаларды, кешенді жоспарларды әзірлеуге және орындауға, мақсатты операциялар мен басқа шараларды өткізуге қатысу;
- экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, арыздары мен өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен хабарламаларды қарау, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте тексеру іс-шараларын жүргізу және олар бойынша шешімдер қабылдау;
- экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы оң тәжірибені зерделеу, жалпылау және қолдану, Басқарманың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету үшін материалдар дайындау;
- экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жедел-іздестіру және профилактикалық қызметті ұйымдастыруда ішкі істер органдарының аумақтық бөліністеріне практикалық көмек көрсету;
- терроризм мен экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимыл саласында түсіндірме жұмысты жүргізу бойынша жергілікті атқарушы органдарының жанындағы ақпараттық-насихат топтарының қызметтеріне бөлініс қызметкерлерінің құзырет шегінде қатысуы;
- экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы білім деңгейін арттыруға бағытталған біліктілікті арттыру курстарына, семинарларға және өзге іс-шараларға қызметкерлердің қатысуын қамтамасыз ету;
- экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимыл жасасу деңгейін арттыруға бағытталған кеңестерді, конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу, оларға қатысу;
- экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша бөліністердің штатын нығайту, оларды материалдық-техникалық жабдықтау, ресурстық, қаржылық және өзге қамсыздандыру бойынша қажеттілікті анықтау және ПД, ІІМ ЭҚІҚД басшылығына ұсыныстар енгізу;
- экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша төмен тұрған бөліністердің қызметкерлері өткізетін жедел-іздестіру, арнайы және жасырын тергеу іс-шараларын жүзеге асыру;
- Экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша басқарма, төмен тұрған бөліністер қызметкерлерінің және экстремизм мен терроризмнің көріністеріне қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі істер органдарының өзге қызметтерінің жұмысын ведомстволық бақылауды жүзеге асыру.
- Басқарманың құқықтары мен міндеттемелері:
1) ПД-нің құрылымдық бөліністерінен, аумақтық ішкі істер органдарынан және ведомстволық бағынысты мекемелерден жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, анықтамаларды, есептерді және басқа да мәліметтерді сұратады және алады;
2) белгіленген тәртіпте ПД бастықтарының нұсқауларының және бұйрықтарының орындалу барысы және нәтижелері, басқарушылық шешімдердің жобаларын, ақпараттық-аналитикалық және есептік құжаттарды әзірлеу үшін қажет басқа да ақпараттық және анықтамалық материалдарды сұратады және алады;
3) ІІМ ПД, ЭҚІҚД басшылығын қызмет көрсететін аумақтағы жедел ахуалға болжам жасай отырып, тексерілген жедел ақпаратпен және аналитикалық құжаттармен қамтамасыз етеді;
4) құпиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді;
5) ПД-нің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүддесін білдіреді;
6) АДБ-АА деректер банкін және «Нелегал» автоматтандырылған деректер банкі бойынша жүргізу, толтыру және қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
7) экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі істер органдарының бөліністеріне практикалық көмек көрсетеді;
8) құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді іске асырады.
- Басқарманың (бөлімнің) қызметін ұйымдастыру
- Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктер берілген.
- Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын бастық (бұдан әрі – Бастық) басқарады.
- Бастықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда орынбасары болады.
- Бастық Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапкершілікте болады.
- Бастық ПД басшылығына Басқарманың құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
- Осы мақсаттарда бастық:
- болған жағдайда өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
- Басқарма құрамына кіретін құрылымдық бөлініс басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
- Қазақстан Республикасының Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Басқарма бастығының орынбасары:
- Басқарма қызметін өз өкілеті шегінде үйлестіреді;
- Басқарма бастығы болмаған кезеңде Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапкершілікте болады;
- Басқарма басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөліністерге Басқарма атынан жолданатын құжаттарға Басқарма бастығы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.