«Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы «16» наурыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Порталға құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
Лицензия берген кезде-10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей;
Лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей;
Лицензияның телнұсқасын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 67-тарауына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушылардан қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде лицензиялық алым алынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар күзет қызметін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеген кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден 10 пайыз көлемінде, бірақ лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген төлемнен 4 АЕК-тан көп емес мөлшерде алынады.
Лицензияның телнұсқасын алған кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезінде лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген мөлшерлемеден 100 жүз пайыз мөлшерінде алынады.
Алым сомасы лицензиялық алым көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
Порталға мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау салу берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Порталдың жұмыс кестесі-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілген қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішитерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
Барлық сұрақтар бойынша Қарағанды облысының ПД күзет қызметін бақылау бөліміне 44-58-06, 44-58-07, 41-58-98 телефоны арқылы хабарласыңыз немесе мекен-жайы бойынша: Қарағанды қ., Прогресса 1/2А көшесі, 303.