Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері психотроптық дәріні заңсыз сатудың алдын алды.

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері психотроптық дәріні заңсыз сатудың алдын алды.

«2019 жылдың 4 қарашасының сағат 17.40 шамасында Атырау қаласы аумағында жедел іс-шаралар жүргізу барысында А.Құнанбаева көшесі, 30«А» үйінің жанында 45жасар тұрғынды жеке тінту барысында дәрігердің рұқсатынсыз сатуға тыйым салынған 40 дана трамадол және 25 дана тропикамид дәрілері табылып, тәркіленіп алынды. Дәрігердің нұсқауы бойынша қатаң түрде тиым салынатын дәрілік препаратты заңсыз саудалағаны үшін тұлға қылмыстық жауапқа тартылатын болады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі-тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша өзге ақпараттар жариялауға жатпайды».