Атырауда мереке күндері 7 жүргізуші мас күйде көлік тізгіндеген

Атырауда мереке күндері 7 жүргізуші мас күйде көлік тізгіндеген
Атырау қаласы аумағында наурыз айының 19-23 күндері аралығында патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен мас күйде көлік құралын басқарған 7 жүргізуші анықталды.
Атап айтқанда, 20 наурыз күні сағат 09:20 шамасында Атырау-Индер тас жолы, Жұлдыз мөлтек ауданының тұсында патрульдік полиция қызметкерлері “Nissan Tida” маркалы көлік құралын тоқтатып тексеру барысында, жүргізушісі 2001 ж.т., азаматшаның көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ бол тұра алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік жүргізгендігі анықталды. Медициналық сараптаманың қорытындысымен 21 жастағы азаматшаның жеңіл дәрежелі масаң күйде екендігі белгілі болды. Одан басқа,аталған азаматшаның 2021 жылы дәл осындай құқықбұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 7 бөлігімен _( Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған, осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген әрекеттер)_ әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 30 тәулікке әкімішілік қамауға алынды.