Тұрмыстық зорлық-зомбылық- қоғам дерті

Тұрмыстық зорлық-зомбылық- қоғам дерті
Бүгінде қоғамда отбасылық - тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 73 бабына сәйкес, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер қатарына былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер жатады.
Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз, бұл туралы үндемей қоймаңыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері Ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәрленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін Ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану, сондай-ақ оларды мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттау құқығы бар.
Мамандандырылған дағдарыс орталығында орналасу үшін 8(7122) 46 60 60 телефондары арқылы, Ішкі істер органдарына немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арызбен полицияның учаскелік инспекторына, 102 немесе 8(778) 932 93 92 (тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер үшін) хабарласу қажет.