Іс – шараның мақсаты-медициналық мекемелерде есірткі құралдарының заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық қызметтің басқа түрлерінің жолын кесу.
Атырау облысының аумағында барлығы 47 Денсаулық сақтау нысаны және өз қызметінде есірткі,психотроптық прекурсорлар пайдаланатын 26 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.
Рейдтік іс-шаралар барысында 2 емдеу-алдын алу мекемесі, 3 өнеркәсіптік кәсіпорын тексерілді. Тексеру кезінде құрамында есірткі бар препараттарды рецептісіз жіберу, тиісті рұқсат құжаттарынсыз дәрі-дәрмектерді сату жағдайларының жолын кесуге ерекше назар аударылды.
"Дәрмек" жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде барлығы 4 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша (есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) - 3 факті тіркелсе,
ҚР ҚК 303 – бабы 1-бөлігімен (есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу) бойынша-1 факт анықталды.
Сонымен қатар 4 Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі:
ҚР ӘҚБтК – нің 464-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу) бойынша-1 факт;
ҚР ӘҚБтК– нің 426-бабының 1-бөлігі (фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласы қағидаларын бұзу) - 3 факт анықталды.
Олардың екеуі медицина қызметкерлері, жиналған материалдар ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне тапсырылды.
Айта кету керек, Атырауда заңсыз сатуға тыйым салынған "Трамадол" және "Тропикамед" дәрілік препараттарының 10 мыңнан астамы тәркілгенді.
Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен 2022 жыл басынан бері жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесімен сатуға тыйым салынған трамадол, тропикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатумен айналысып жүрген - 7 тұлға анықталып ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен яғни, «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзғаны» әкімшілік хаттама толтырылып, барлығы 8 300 дана трамадол, 1 670 дана пропикомед дәрілік препараттары тәркіленіп, облыстық фармацептикалық басқармасына жолданды.
Сонымен қатар, 21 ақпан күні «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Береке мөлтек ауданының 1974 ж.т. тұрғыны заңсыз жолмен тыйым салынған дәрілік препараттарды (трамадол, тропикамед) сатып жүрген жерінен ұсталып, барлығы 570 дана трамадол, 22 дана тропикамед тәркіленіп, ҚР ӘҚБтК 426 бабымен хаттама толтырылды. Толтырылған хаттамаға сәйкес айыппұл төленді.
Атыраулық полицейлер есірткі қылмысына қатысты деректерді білсеңіз міндетті түрде 102-нөміріне хабарласуыңызды сұрайды.