7 желтоқсан күні сағат 19:31 шамасында Жедел басқару орталығына Нұрсая мөлтек ауданында 2012 ж.т., жасөспірім қыз бала мектепте оқуы аяқталған соң белгісіз бағытта жоғалып кетті деген хабарлама түсті. Полицейлер жедел-іздестіру барысында Батыс-29 экипажы Сұлтан Бейбарыс кошесі Тұлпар мөлтек ауданына ойнап жүріп тұрғын жәйінан ұзап кеткен жасөспірімді тауып, ата-анасына жеткізді. Өз кезегінде үлкен үреймен жанұшыра баласын іздеген әке Абзал Бөкенов тәртіп сақшыларының қырағылығына, жедел атқарған жұмыстарына ризашылығын білдірді.
- Жасөспірімді іздеуге учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жасөспірімнің фотосуреті мен бағыттамасы сол шағын аудандағы ПИК ұйымдарымен құрылған What’s App чаттарға жедел таратылды. Сондай-ақ, шағын аудандағы бейнекамералар бақыланды. Нәтижесінде, жасөспірім аман-есен табылды. Ата-аналарға кәмелет жасқа толмаған балаларының бос уақытында қырағы болуды және қандайда қауіпті сәттердің алдын алуды, балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін, балалар қауіпсіздігін алдыңғы қатарға қою керектігін ескертеді, -деді, Атырау қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ерлан Биғамбаев.