Атырау облысы полиция департаментінің үздіктері анықталды

Атырау облысы полиция департаментінің үздіктері анықталды
Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында еліміздегі үздік тергеуші, үздік анықтаушы және үздік криминалист анықталып, ҚР Ішкі Істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевтың алғыс хатымен марапатталды.
Үздіктер 2021 жылдың 9 ай қорытындысы нәтижелерімен ҚР ІІМ әдістемесі бойынша рейтингтік есептеулермен анықталған.
Білімі мен білігін тәжірибеде озық көрсетіп, қызметте қырағылығын танытқан Атырау облысы Полиция департаменті Жылыой ауданы полиция бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Джамбаев Берік Алтайұлы Атырау облысының үздік тергеушісі болып танылды. Ал, Атырау облысының үздік анықтаушысы болып, жауапкершілігі мол салада ықтиярлық пен адалдықты ту еткен қызметкер - Атырау қаласы Полиция басқармасы Анықтау бөлімінің аға анықтаушысы, полиция капитаны Зиноллин Заманбек Ануарбекұлы таңдалды. Қылмыстың дерегі мен дәйегін дәлелдеуде тынымсыз еңбегі - әділдігі мен кәсіби шеберлігімен танылған Атырау облысы Жылыой ауданы полиция бөлімінің жедел-криминалистік бөлімшесінің бастығы Төлегенов Теңелбай Мұхитұлы - Атыраудың үздік криминалисі атанды.
Абыройлы қызмет көрсеткен полицейлерді құттықтаймыз!