2021 жылдың 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде. Сондай-ақ, халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтеді.
Акция мақсаты - жұртшылық арасында әйелдерге қатысты жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған шараларды насихаттау.
- Аталған акция кезінде Мақат ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты М.Бисенбаева, Мақат ауданының полиция бөлімінің "қолайсыз отбасы" санатымен есепте тұрған азаматтарды аралап, брошюралар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізді - деді, Мақат аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Аман Ізмағанбетов.