Атырау облысы аумағында "Қауіпсіз жол" республикалық акциясы өткізілуде, оның аясында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.
Аталмыш акцияның мақсаты - жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол көлік оқиғаларының санын азайту, сондай – ақ, көлік жылдамдығын асыру, басып озу, қарсы қозғалыс жолағына шығу және басқа да жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу. Іс-шаралар Атырау облысының аудан орталықтарында да өткізілді.
Жалпы, акция өткізілген 7 күн ішінде облыста 3404 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталды - деді Атырау облысы полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Атап айтқанда:
- жылдамдықты арттыру-651,
– қауіпсіздік белдігін тақпаған -578,
- көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланған-204,
- техникалық байқаудан өтпеген-241,
-Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару-56,
-Маневр жасау қағидаларын бұзу-137,
-Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы-395,
-Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу-18 көлік анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, көлік рөліндегі 32 мас жүргізуші ұсталды.
Арнайы тұраққа 57 автокөлік қойылды. Сондай-ақ 6 741 252 теңге сомасына әкімшілік айыппұл өндірілді.
Айта кету керек, мұндай рейдтік іс-шаралар жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық шаралардың бірі болып табылады.