Атырау облысы Полиция департаментінің психолог мамандары «Күйзелістік жағдайлар мен суицидтің алдын алу» тақырыбында Департаменттің басқарма және қалалық, аудандық полиция бөліністері басшыларын қатыстыра отырып, дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Аталған шараға Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бас суицидологы А.М.Шарипова арнайы шақыртылып, ол қатысушыларға суицидтің, күйзелістік жағдайлар мен аутоагрессивті мінез-құлықтың алдын алуға ықпал ететін факторлар жөнінде кеңестер берді.
Өз кезегінде департаменттің психолог мамандары да ұжымдардағы моральдық – психологиялық ахуалды жақсарту, суицидті болдырмауға бағытталған шаралар туралы өз баяндамалары мен әлемдегі және еліміз бойынша тіркелген суицид фактілері туралы ститистикалық слайд көрсетті.
Кездесу соңында Атырау облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ә.Байдосов барлық қатысушы басшыларға қарамағындағы қызметкерлер арасында суицидтің алдын алу, ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту және қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын, оның әріптестерімен, жақын-туыстары арасындағы қарым-қатынасы мәселелеріне де аса назар аудару қажеттілігі жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.