Индер ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары және тергеу бөлімшесінің бастығы полиция
полковнигі Руслан Мендалиев жеке құрамға оқиға орнын қарап тексеру тактикасы жөнінде әскери қызметтік дайындық сабағын өткізді.
"Полиция қызметкері маман ретінде оқиға орнын қарап тексеруді сапалы жүргізу тактикасын дұрыс меңгеруі, оны хаттамаға барлық заңи талаптарды сақтай отырып енгізе білуі қажет. Сол үшін де басшы ретінде күнделікті бақылау жүргізумен қатар, әр сенбіде тәжірибелік сабақ өткізіп, қажетті проблемалық сұрақтарды қарастырғанымыз жөн"- деп бөлісті Руслан Мендалиев.